Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқан әлеуметтік желіде жариялаған жаңа видеосымен көпшіліктің назарын аударды. Кадрда оның жанында бейтаныс ер адамның көрінуі желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды, деп хабарлайды kznews.kz.
Мөлдір Мұқан видеоны жеке парақшасында жариялаған. Көпшілік кадрдағы ер адамға бірден назар аударып, екеуінің сырт көзге жарасымды көрінетінін жазған.
Пікір білдірушілердің арасында «Жарасасыңдар», «Керемет жұп болар едіңіздер», «Жақсы жұп болар еді» деген жылы лебіздер көп болған. Кейбір оқырмандар Мөлдір Мұқанға дәл осындай азамат керек екенін де жазған.
Бұдан бөлек, желі қолданушылары оның жанындағы ер адамның кім екенін сұрап, Мөлдір Мұқанның жеке өміріне қатысты түрлі болжам жасады.
Алайда Мөлдір Мұқан видеодағы азаматтың кім екенін және онымен қандай қарым-қатынаста екенін нақтылаған жоқ. Сондықтан желіде тараған пікірлер әзірге қолданушылардың жеке болжамы ғана.