Жолдардан саябақтарға дейін: қазақстандықтар өзгерістерді көріп, инфрақұрылымның одан әрі дамуын күтеді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«12 фильм, 600 әнім бар. Менің денем емес, еңбегім бағаланса екен»: Рамазан Амантай ренішін жеткізді

«12 фильм, 600 әнім бар. Менің денем емес, еңбегім бағаланса екен»: Рамазан Амантай ренішін жеткізді
Фото: видеодан скриншот

Актер, композитор әрі режиссер Рамазан Амантай сыртқы келбеті мен салмағын талқылағандарға жауап берді. Өнер иесі көрерменнен оның дене бітіміне емес, шығармашылығына баға беруді сұрады, деп хабарлайды kznews.kz.

Рамазан Амантай әлеуметтік желідегі жазбасында өнерге бар ғұмырын арнағанын айтты. Оның сөзінше, осы уақытқа дейін 12 фильм түсіріп, 600 ән жазған. Кейбір туындылары күткен нәтижеге жетпесе де, шығармашылықтан қол үзбеген.

Өнер иесі салмағы мен денсаулығына қатысты мәселелер өзіне де алаң екенін жасырмады. Сонымен қатар көрерменнің сыны мен пікірін әрдайым маңызды санайтынын жеткізді.

Актер қазақ тілінде шығармашылықпен айналысуды саналы түрде таңдағанын атап өтті. Оның негізгі көрермені де, тыңдарманы да – қазақтілді аудитория.

«Салмағым үшін мені өнерден қумаңыздар. Менің денем емес, еңбегім мен өнерім бағаланса екен», – деп жазды Рамазан Амантай.

Ол шығармашылықта қателіктің болуы заңды екенін айтып, қандай пікір айтылса да, көрерменіне деген құрметі өзгермейтінін жеткізді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.