«Орыс тілінде сөйлегім келмейді, орысша сұраққа қазақша жауап беремін» — дзюдошы (ВИДЕО)

0

«Орысша сұраққа қазақша жауап беремін». Бұл пікірді дзюдодан әлем және Азия чемпионатының жүлдегері Әбиба Әбужақынова спорт журналисі Аслан Қаженовке берген сұхбатында айтты.

«Орыс тілінде 50 пайыз сөйлей аламын. Бірақ, орысша сөйлегім келмейді. Таза қазақша сөйлегім келеді. Себебі көп қыздар орысша сұхбат береді ғой. Екі қазақ бір-бірімен орысша сөйлеседі ғой. Қазір ол «мода» ма, білмеймін. Ал мен бірақ тек қазақша сөйлеймін. Орысша интервью бермеймін. Орысша сұраққа қазақша жауап беремін», — деді Әбиба Әбужақынова.

«Ұлттық құрамада осындай қыздар бар. Тек медаль үшін ғана емес, мемлекеттік тіл үшін де күресіп жүр», — деп жазды журналист.