+200 миллиард теңге: Тимур мен Динара Құлыбаевтардың байлығы тағы артты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әкімдік "әлекке" салмақ: 5,2 млрд теңге айыппұл төлегендердің қатарында барсыз ба?

Әкімдік "әлекке" салмақ: 5,2 млрд теңге айыппұл төлегендердің қатарында барсыз ба?
gov.kz

Қазақстанда абаттандыру ережесін бұзғандарға хаттама толтыру құқығы әкімдіктерге де берілді, деп хабарлайды kznews.kz.

2025 жылғы 30 желтоқсанда құқық бұзушылық профилактикасына қатысты үш заңға қол қойылған болатын. Олар 60 күндік өтпелі кезеңнен кейін 2026 жылғы наурызда толық күшіне енді.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, енді Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың жергілікті атқарушы органдары қоғамдық орындарды ластау және абаттандыру ережелерін бұзу фактілері бойынша әкімшілік хаттама толтыра алады. Бұған дейін мұндай өкілеттік тек полицияға ғана берілген еді.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, бұл шешім рұқсатсыз қоқыс тастау, жасыл желекті бүлдіру, қалалық инфрақұрылымға зиян келтіру секілді құқық бұзушылықтарға жедел әрекет ету үшін қабылданған.

Ведомство дерегіне қарағанда, 2025 жылы осы санаттағы құқық бұзушылықтар үшін 591 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 189 мыңнан астамы қоғамдық орындарды ластағаны үшін, 403 мыңнан астамы абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін жазаланған. Жалпы салынған айыппұл көлемі 5,2 млрд теңгеге жеткен.

Белгіленбеген жерге қоқыс тастағаны үшін жеке тұлғаларға:
— алғаш рет 10 АЕК, яғни 2026 жылғы есеппен 43 250 теңге айыппұл немесе 50 сағат қоғамдық жұмыс;
— бір жыл ішінде қайталанса 20 АЕК, яғни 86 500 теңге айыппұл немесе 80 сағат қоғамдық жұмыс қарастырылған.

Сонымен қатар, жаңа заңда қоғамдық орындардың нақты тізімі бекітілді. Оған білім беру, денсаулық сақтау, қоғамдық тамақтану орындары, мәдениет және спорт нысандары, қоғамдық көлік, вокзалдар, әуежайлар, мемлекеттік мекемелердің ашық ғимараттары, подъездер және өзге де ортақ пайдаланылатын орындар кіреді.

Заңдағы тағы бір маңызды өзгеріс — мүлік иелері бірлестіктері мен МИБ төрағалары құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын субъектілер қатарына енгізілді. Бұл норма бойынша олар өз аумағындағы тәртіп пен қауіпсіздікке қатысты алдын алу шараларына араласуы мүмкін. Алайда депутат Екатерина Смышляева бұл өзгеріс тұрғындардың жеке өміріне араласу қаупін күшейтуі мүмкін екенін айтты.

Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың айтуынша, енді құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысына тек полиция емес, барлық мемлекеттік органдар, МИБ, мектептер, ауруханалар және басқа ұйымдар да қатысуы тиіс. Бұл жұмысты Үкімет пен ведомствоаралық комиссиялар үйлестіреді.

Қазір кей өңірлерде жаңа өкілеттіктерді іске асыруға дайындық жүріп жатыр. Мысалы, Алматыда әкімдік бұл функцияны атқаратын қызметкерлердің нақты тізімі әлі бекітіліп жатқанын хабарлаған.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер