+200 миллиард теңге: Тимур мен Динара Құлыбаевтардың байлығы тағы артты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Шындықты айтатын уақыт келді": Актриса Зарина Кармен жазба жариялады

"Шындықты айтатын уақыт келді": Актриса Зарина Кармен жазба жариялады
ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде танымал актриса Зарина Карменнің жазбасы қызу пікірталас тудырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі көпшілікке үлгі болып жүрген кейбір тұлғалардың шынайы болмысы сырт көзге көрінетін бейнесінен мүлде өзгеше болуы мүмкін екенін ашық меңзеген. Оның айтуынша, ел алдында беделді көрінетін жандардың кейде ұсақ әрі өсекке жақын әрекеттерін көргенде қынжылмасқа болмайды.

"Көпшілік алдында "тұлға" болып жүрген кейбір адамдардың шын мәнінде қандай екенін көргенде, ішің ашиды. Бетперденің ар жағындағы ақиқат мүлде басқа", – деп жазды актриса.

Сонымен қатар ол қоғамда шындықты ашық айту мәселесіне ерекше тоқталды.

"Шындықты айтатын уақыт келді. Үндемеу енді жай ғана таңдау емес, ол – қылмыс", – деді Зарина Кармен.

Актрисаның бұл пікірі желі қолданушылары арасында түрлі көзқарас туғызды. Бірі оның батылдығын қолдаса, енді бірі айтылған ойдың астарына үңіліп, қоғамдағы ашықтық пен әділдік мәселесін талқылауға кірісті.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер