Оралда салонда шашын боятқан әйел аурухананың жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

0
26445

Орал қаласының тұрғыны салонда шашын боятамын деп аурухананың жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Әйелдің айтуынша, салон қызметкерлері алдын ала тексеріс жасамай-ақ шашын бояған.

Зульфия Длимбетова 10 мамырда «ZAMA» сұлулық-сауықтыру орталығына шашын бояуға келді.  Салон қызметкері, жәбірленушінің айтуы бойынша,  аллергияға қарсылық құрамын тексерместен шашын бояй бастаған, деп хабарлайды Уральская неделя.

Бояуды қолданғаннан кейін, 20 минуттан кейін ол шашының қатты қыши  бастағанын айтады. Бояуды жуып тастауды өтіндген,  алайда қызметкерлер Оксана бұның қалыпты жағдай екенін айтады. Олар бұл бояумен 15 жыл бойы шаш бояп келе жатқанын ескертеді», – дейді Зульфия Длимбетова.

Осыдан кейін Зульфия тұншыға бастайды. Ода ас терісіне бояудың әсер ету реакциясы салдарынан Квинке ісігі пайда бола бастайды. Оның айтуынша, салон жедел жәрдем шақырудан бас тартқан.

«Оксана «жедел жәрдем шақырмаңыз, мен оны өзім қалпына келтіремін» деп айқайлады. Мені шешіндіріп жуындыра бастады», – деді Зульфия.

Оның сөзіне қарағанда, сол сәтте салон директоры өзінің жеке дәрігерлеріне қоңырау шала бастаған. Дәрігерлер телефон арқылы Зульфияға «Валерьянка» дәрісін беруге кеңес береді.

«ZAMA» салонының қызметкерлері клиенттің аяқ-қолы ұйый бастағанын білгенде ғана жедел жәрдем шақыруға шешім қабылдады.

«Жартылай әлсіз күйде мен оларға қолымның көгеріп бара жатқанын көрсетіп, жедел жәрдем шақыруын өтіндім», – дейді Зульфия Длимбетова.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бұл оқиғаны растап, науқас шок күйінде түскенін айтты.

«Келген кезде топ алғашқы медициналық көмек көрсетіп, науқасты жансақтау бөліміне жеткізді. Аллергиялық реакция. Қазір жағдайы тұрақты, оны терапия бөліміне ауыстырды», – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы .

«ZAMA» сұлулық-сауықтыру орталығында телефонға жауап берген қыз басшылық түсініктеме беруден бас тартқанын айтып, соңында «егер директор қажет деп тапса, өзі хабарласады» деп қосты.

Зульфия Длимбетованың айтуынша, ол полицияға арыз жазып үлгерген, сонымен бірге сотқа талап арызбен жүгінуге ниетті екенін мәлімдеген.