Астананың қақ ортасында "70 лет октября" көшесі бар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Сырдарияда суға кеткен екі ағайындының денесі табылды

Сырдарияда суға кеткен екі ағайындының денесі табылды
Фото: ашық дереккөз

Түркістан облысының Сауран ауданында Сырдария өзеніне шомылуға барған екі ағайынды азаматтың денесі табылды. Қайғылы оқиға Үшқайық ауылдық округі аумағында болған, деп хабарлайды kznews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, 22 тамызда 1998 және 2002 жылы туған ағайындылар суға түсуге тыйым салынған аумақта шомылған. Сол жерде 2002 жылы туған азамат суға батып кеткен. Оны құтқаруға ұмтылған ағасы да өзенге түсіп, кейін судан шыға алмаған.

Оқиға туралы ақпарат түскен бойда құтқарушылар іздестіру жұмыстарын бастаған. Операцияға Түркістан облысы мен Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменттері, полиция қызметкерлері, жедел жәрдем мамандары, жергілікті тұрғындар және марқұмдардың туыстары жұмылдырылған.

Іздеу жұмыстарына жалпы 90-ға жуық адам, арнайы техника, жүзу құралдары мен дрондар тартылған.

Құтқарушылардың бірнеше күнге созылған іздеу жұмыстары нәтижесінде алдымен 24 тамызда 2002 жылы туған азаматтың денесі табылды. Ол оқиға болған жерден шамамен 6 шақырым қашықтықтағы аумақтан шығарылған.

Ал 25 тамызда екінші азаматтың денесі өзеннің төменгі жағынан, оқиға орнынан шамамен 30 шақырым жердентабылды.

Қайғылы жағдай екі отбасының шаңырағына ауыр қайғы әкелді. Туыстарының айтуынша, 1998 жылы туған азаматтың артында жүкті әйелі мен 2,5 жастағы баласы қалған. Ол Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасында еңбек еткен.

Ал 2002 жылы туған азаматтың 1,5 жастағы сәбиі бар. Жақындарының айтуынша, ол жуырда ғана Назарбаев Зияткерлік мектебіне жұмысқа орналасқан.

Алдын ала болжам бойынша, ағайындылардың бірі суға батып кеткен кезде, екіншісі оны құтқаруға әрекет жасаған. Алайда нәтижесінде екі азамат та өзеннен шыға алмай, көз жұмды.

Осылайша, бірнеше күнге созылған іздестіру жұмыстары қайғылы аяқталып, екі отбасы бір мезетте жақынынан айырылды. Марқұмдардың артында кішкентай балалары мен жақындары қалды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.