Home Жаңалықтар «Өлген соң дене органдарымды пайдалана беріңдер!» – атышулы экс-депутат мәлімдеме жасады

«Өлген соң дене органдарымды пайдалана беріңдер!» – атышулы экс-депутат мәлімдеме жасады

0
1966

Кеудесін жалаңаштап, сән көрсетіп, бүкіл елге танылған Динагүл Тасова өлгеннен кейін донор болуға келісетінін мәлімдеді. Арудың жағдайы жақсы. Еуразия бірінші арнасының эфирін жүргізіп жүрген Динагүлдің өмірге өкпесі жоқ.

«Сол даулы жағдайдан кейін бәрі менен теріс айналды. Бірде инстаграм-парақшама қан тобым сирек екенін және қан құю қажет болғандарға көмектескенімді жазып едім. Бәрі сынап-мінеп, мұнымды мақтаншақтық деп, теріс пікірді боратты», – дейді Динагүл.

Арудың айтуынша, пандемия қызған шақта көп адамның өмірін құтқарыпты. «Бірнеше рет шұғыл жағдайлар болып, қан тапсырдым. Алайда, онымды жарияға жар салмадым. Атыма бір күйе жағылғаннан кейін одан арылу оңай емес екен», – дейді Динагүл.

Дегенмен, экс-депутат өз оқырмандарын ашық образдарымен таңғалдырып, Еуразия бірінші арнасының эфирінде ашық-шашық киінуден тайсалмайды. «Мамандығым бойынша даму – менің арманым. Мен журналиспін, жазғанды, кадрда жұмыс істегенді жақсы көремін. Мұным қолымнан келіп жүрген сияқты», – дейді тележүргізуші.

Динагүл Тасова өзін нағыз патриот санайды. «Мен нағыз қазақпын. Мақсатым басқа еді, алайда бәрі менен сырт айналды. Ашық киінгеніммен мен өзімді кейбір қазақтарға қарағанда, әлдеқайда патриот санаймын. Бұл жәй ғана сырт келбет. Ал ішіңде не барын, көбі біле бермейді», – дейді Динагүл.

«Өлгеннен кейін органдарымды басқа адамдардың өмірін құтқару үшін алуға келісім беремін, мен өзімді бұған дайындап жүрмін», – деп мәлімдеді Еуразия бірінші арнасының тележүргізушісі.