Қоғамдық пікір: жұрт саяси жүйеге қаншалықты сенім артады?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Интим видеосы тарап кеткен асаба мен әйелі ел алдына шығып, сұхбат берді (ВИДЕО)

Интим видеосы тарап кеткен асаба мен әйелі ел алдына шығып, сұхбат берді (ВИДЕО)
ozgeris.info коллажы

Ақтау қаласында «Хан» лақап атымен танымал асаба мен оның жұбайы Алма әлеуметтік желіде кең тараған даулы бейнежазбаға қатысты алғаш рет мәлімдеме жасап, блогер Жан Ахмадиевке сұхбат берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Соңғы күндері интернетте тараған видео қоғамда үлкен резонанс туғызып, қолданушылар арасында түрлі пікірлерге себеп болған еді. Әлеуметтік желіде бұл жағдайға қатысты әрқилы көзқарас айтылып жатыр.

Сұхбат барысында асабаның жұбайы бұл жағдайдың өзіне ауыр тигенін жасырмады. Оның айтуынша, бейнежазбаның таралуы моральдық тұрғыдан үлкен соққы болған.

"Қазіргі жағдай өте қиын. Бұл видеоны не үшін түсірдік деп өзіме де сұрақ қоямын. Кейде тіпті ауыр ойлар келеді. Бұл идея жолдасымнан шыққан. Бірақ мұндай нәрсе кез келген отбасында болуы мүмкін деп ойлаймын. Әр әйел күйеуіне қызық болуға тырысады", – деді ол.

Ал асаба Хан видеоны әдейі таратпағанын атап өтті. Оның сөзінше, бейне тек жеке қолдану үшін түсірілген.

"Бұл видеоны біз жариялау үшін түсірген жоқпыз. Біреу әдейі таратып отыр", – деді ол.

Өз кезегінде блогер Жан Ахмадиев бұл жағдайға біржақты баға беруден аулақ екенін жеткізді.

"Қоғамда қызу талқыланып жатқан бұл оқиғаға қатысты ерлі-зайыптылар өз пікірін айтты. Бірақ шындық әрдайым біржақты болмайды. Біз ешкімді ақтап та, даттап та отырған жоқпыз. Оқиғаны тек олардың өз аузынан жеткізуді жөн көрдік", – деп жазды ол.

Қазіргі таңда бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшіліктің назарында тұр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер