Продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында әнші Мөлдір Әуелбековаға қатысты өз ойын ашық білдіріп, оқырмандарын «20 жыл KeshYOU» жобасына арналған фильмнің үшінші бөлімін күтуге шақырды, деп хабарлайды kznews.kz.
Жазбасында продюсер енді өзіне және жасаған еңбегіне құрметсіздік көрсетуге жол бермейтінін қатаң айтты. Оның сөзінше, ұзақ жылдар бойы атқарылған жұмысқа немқұрайлы қарау қабылданбайды.
Сондай-ақ Баян Алагөзова Мөлдір Әуелбекованың концертке қатысудан өз еркімен бас тартқанын атап өтті. Продюсердің айтуынша, ол фильмде әншінің беделін көтеруге барынша күш салғанымен, Әуелбекова бұл жобада өнер көрсетпеуді өзі таңдаған.
Бұдан бөлек, Баян Алагөзова әншіні «сатқын» деп атап, мұндай баға беруінің себебін алдағы уақытта толық түсіндіретінін жеткізді.