«Ол қыз іздеп келетін, мен оны кіргізіп беріп жүретінмін»: Ұлту Қабаева жары Стамғазиевпен қалай танысқанын айтты
Белгілі әнші Ұлту Қабаева Рамазан Стамғазиевпен қалай танысып, отбасы болғаны жайлы шындықты жайып салды.
Бұл туралы ол «Менің өмірім» бағдарламасында егжей-тегжейлі айтып берді, — деп хабарлайды kznews.kz сайты Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.
Бағдарлама жүргізушісі әрі авторы Айгүл Ысқақ Рамазан Стамғазиевтің 2 жыл бойы әскерден күткен қызы жайлы сөздің шетін шығарды.
«Өнер студиясына түскен кезде бәріміз де жан-жақтан келдік. Ол кезде колхоз жұмыстарына жіберуші еді. Сонда бізді Панфилов ауданына, картоп теруге жіберді. Әңгіменің бәрі картоптан басталды. Ол кезде бір ай, бір жарым ай сол колхоз жұмысында жүретінбіз. Сол кезде танысып, білісіп, дос болдық. Әңгіме достықтан басталып, арты махаббатқа ұласты. Алғашқы кезде ол қыз іздеп келіп, мен оны кіргізіп беріп жүретінмін. Артынан осындай болды. Сөйтіп жүріп ол қыз тұрмысқа шығып кетті, алып қашты. Біздің достығымыз махаббатқа ұласты, сөйтіп, үй болып кеттік», — деді Ұлту Қабаева.