Ормуз дағдарысы: әлемдік тәртіп қалай өзгереді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

АҚШ пен Иранның келісімі туралы кеш естіген Нетаньяху наразылығын білдірді

АҚШ пен Иранның келісімі туралы кеш естіген Нетаньяху наразылығын білдірді
Фото: Zuma/ТАСС

АҚШ Президенті Дональд Трамп Тегеранмен уақытша бітім жариялар алдында Израиль премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесіп, келісім туралы ескерткен, деп хабарлайды kznews.kz The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап.

The Wall Street Journal басылымының жазуынша, Биньямин Нетаньяху Иранмен жүргізілген келіссөздерге қатыспаған және бұл келісім туралы  соңғы білгеніне көңілі толмаған.

Басылым мәліметінше, Израиль тарапы АҚШ пен Иран арасындағы атысты тоқтату келісімінің Ливанға да таралуына қарсы.

ЦАХАЛ Иранға шабуылдарын тоқтатқанымен, Ливанға ең ауқымды зымыран соққыларының бірін жасаған. Шабуыл салдарынан кемінде 80 адам қаза тапты. Бұған жауап ретінде Иран Ормуз бұғазы арқылы кемелердің өтуін бұғаттап, егер Ливанға жасалған шабуылдар жалғасса, атысты тоқтату келісімінен бас тартатынын ескертті.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер