Ормуз дағдарысы: әлемдік тәртіп қалай өзгереді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстан жаһандық білім беру рейтингінде ТОП-20 қатарына енді

Қазақстан жаһандық білім беру рейтингінде ТОП-20 қатарына енді
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қазақстан жаһандық білім беру жүйесінде позициясын нығайтып келеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Insider Global Education Index рейтингісінің деректеріне сәйкес, Қазақстан 218 ел мен аумақтың ішінде 18-орынға ие болып, әлемнің үздік 20 мемлекетінің қатарына енді.

Сарапшылардың бағалауынша, бұл көрсеткіш елдегі білім беру жүйесінің сапалы трансформациясын аңғартады. Қазіргі таңда Қазақстан халықаралық интеграцияға басымдық беріп, ғылыми-зерттеу бағытындағы университеттерді дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр.

Сонымен қатар білім беру мен өндіріс арасындағы байланысты күшейту, еңбек нарығына бейімделген кадрлар даярлау және жасанды интеллект дәуіріне сай мамандар қалыптастыру негізгі басымдықтардың бірі ретінде айқындалған.

Мамандардың пікірінше, жүргізіліп жатқан реформалар Қазақстанның жаһандық білім беру кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.