Мемлекеттік Дума Ресейдің байрағын КСРО туына қайта ауыстыруды ұсынды

0

Мемлекеттік Думаның Қырым облысынан сайланған депутаты Михаил Шеремет КСРО туын Ресейдің жаңа мемлекеттік туы деп тануды ұсынды.

Ол бүгінде Батыстың іс жүзінде КСРО туына соғыс жариялап, оған тыйым салғанын атап өтті.

«Олар бұл нышаннан қорқады, өйткені Жеңістің қызыл туы оларға халқымыздың ұлылығын және біздің Ұлы Жеңісімізді еске салады», — деп келтіреді РИА Новости Шереметтің сөзін.

Оның айтуынша, Ұлы Отан соғысында осы тудың астында отандастар шайқасты, қазір Ресей Қарулы күштері Украинада неонацистерге қарсы соғысуда. Шеремет Ресей туын мақтан тұтатынын, бірақ Ресейдің қазіргі кезеңінде Жеңіс туы қайта жаңғырған державаның символы ретінде бұрынғыдан да өзекті екенін айтты.

Бұған дейін коммунистік партия Ресей туын КСРО рәмізімен ауыстыруды ұсынған болатын. Олардың пікірінше, бұл Ресейге оның аумағында Кеңес Одағының мұрагерлігі принципін қамтамасыз ету үшін қажет. Құжатқа сәйкес, аталған заңның қабылдануының арқасында қалыптасқан тарихи олқылық пен заңнаманы екіұшты түсіндіру әрекеттерін жоюға болады.