«Мектеп әкімшілігімен келісілмеген»: Шарын шатқалындағы қайғылы оқиғаға қатысты жаңа деректер айтылды

0

Шарын шатқалындағы қайғылы оқиғаға қатысты жаңа деректер айтылды.

Биыл 29 мамырда Шарын шатқалында қайғылы оқиға болды. Өкінішке қарай, экскурсияға барғандардың арасында Алматы қаласындағы №199 гимназияның 8 оқушысы болған. Олармен бірге оқушылардың 5 ата-анасы және 3 мұғалім болды.

Оқиға салдарынан бір оқушы және пән мұғалімі қайтыс болған. Оқиға орнында болған тағы бір оқушы іздестіріліп, ол табылды және ауруханаға жіберілді. Балалар мен зардап шеккендерге қажетті медициналық және психологиялық көмек берілуде.

“Экскурсия каникул уақытында болғандықтан мектеп әкімшілігімен келісілмеген. Білім басқармасы оқиғаның мән-жайын толық зерттеуде. Қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтамыз және зардап шеккендердің тезірек сауығуын тілейміз. Құрметті ата-аналар,  сіздерге каникул кезеңінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске саламыз!”, – деді басқармада.