Президент қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Тұңғышымның дертіне өзімді кінәләймын»: Танымал актриса қызының сырқаты туралы алғаш рет ашық айтты (ВИДЕО)

«Тұңғышымның дертіне өзімді кінәләймын»: Танымал актриса қызының сырқаты туралы алғаш рет ашық айтты (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

«Мамский әңгіме» подкастына қонақ болған театр және кино актрисасы Гүлшат Тутова қызының денсаулығына байланысты басынан өткен қиын кезеңді ашық айтып берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесінің сөзінше, қызы ауырып, ауруханаға түскеннен кейін оған дәрігерлер бірнеше рет антибиотик тағайындаған. Алайда ем қабылдағаннан кейін баланың жағдайы жақсарудың орнына, іші тоқтамай өтіп, қайта-қайта құса бастаған.

«Ауырып ауруханада жатты. Дәрігерлер антибиотиктер сала берген. Кейін тоқтамай іші өтіп, құса берді. Сол кезде енеміз өздерінің емханасына қаратты», – дейді Гүлшат Тутова.

Актрисаның айтуынша, осы жағдайдан кейін баланың денсаулығында басқа да мәселелер пайда болған. Атап айтқанда, қызының құлағына зақым келе бастаған.

«Осы кезде құлағына зақым келе бастаған», – дейді өнер адамы.

Гүлшат Тутова бұл жағдайдың отбасы үшін ауыр болғанын айтып, қызының денсаулығына қатысты болған оқиғаны көпшілікке ашық жеткізді.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.