Президент қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев АҚШ президентінің арнайы өкілі Серджио Гормен кездесті

Тоқаев АҚШ президентінің арнайы өкілі Серджио Гормен кездесті
Тоқаев пен Серджио Гор. Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Делиде өтіп жатқан БРИКС саммиті аясында АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гормен кездесті, деп хабарлайды kznews.kz.

Кездесу барысында Серджио Гор Мемлекет басшысына Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай АҚШ президенті Дональд Трамптың құттықтау хатын табыстады.

Хатта Дональд Трамп Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайтынын атап өтіп, екі ел арасындағы байланысты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізген.

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтауы үшін АҚШ президентіне алғыс айтып, Дональд Трампты Қазақстанға сапармен келуге шақыратынын растады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамып келе жатқанын айтып, ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің маңызын атап өтті.

"Қазіргі уақытта Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысуға дайындалып жүрмін. Бұл екіжақты күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға жақсы мүмкіндік деп ойлаймын. Өзара тиімді ықпалдастықты ілгерілету жолында сөзден гөрі нақты іске көшкенді жөн көреміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серджио Гор да Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейге көтерілгенін атап өтті. Оның айтуынша, Вашингтон Қазақстанмен және жалпы Орталық Азия елдерімен серіктестікті күшейтуге ерекше мән береді.

Кездесуде сауда-экономикалық байланыстармен қатар жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және басқа да перспективалы бағыттардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Тараптар екі ел арасындағы көпжақты серіктестікті одан әрі кеңейтіп, өзара тиімді жобаларды жүзеге асыруға дайын екендерін растады.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер