Президент қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Президент қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады

Президент қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады
Фото: Egemen.kz/Ерлан Омаров

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Отбасы күнімен құттықтады. Президент отбасы ұлттың бірегей болмысын айқындап, мемлекет пен қоғамның дамуына тікелей ықпал ететін аса маңызды институт екенін атап өтті, деп хабарлайды kznews.kz.

– Әр азаматтың дүниетанымы мен адами қасиеттері қастерлі қара шаңырағында қалыптасады. Ана жүрегінің жылуы мен әкенің өрісті өнегесі адамды биік мақсаттарға жетелейді. Үлкендердің даналығы жастарға өмірлік бағдар болады, – деді Мемлекет басшысы.

Президент 1 шілдеде заңды күшіне енген Конституцияға сәйкес неке мен отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болатынын еске салды. Ата заңда балалардың құқығын, әйел мен ананың отбасындағы рөлін күшейтуге баса мән берілген. Сондай-ақ алғаш рет неке ер мен әйелдің заңға сәйкес тіркелген ерікті әрі тең құқықты одағы екені бекітіліп, Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институты құрылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау және өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасау мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі екенін айтты. Оның сөзінше, Отанға сүйіспеншілік, заң мен тәртіпті құрметтеу, табиғатты аялау және тазалықты сақтау секілді құндылықтар ең алдымен отбасында қалыптасады.

– Біз жасампаз ұлт ретінде тарихи өрлеу дәуіріне сеніммен қадам басып, мақсат-міндеттерімізге қол жеткіземіз. Осылайша, әр шаңырағы бақытты өмір сүретін Әділетті Қазақстанды бірге құрамыз. Мен бұған кәміл сенемін, – деді Президент.

Мемлекет басшысы барша Қазақстан азаматына зор денсаулық пен толайым табыс тіледі.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.