9,4 млрд доллар: еліміздің халықаралық резервтері өсті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Танымал актер Еркебұлан Тоқтар балағат сөз айтқаны үшін жазаланды

Танымал актер Еркебұлан Тоқтар балағат сөз айтқаны үшін жазаланды
Фото: ашық дереккөз

Атақты ММА спортшысы, блогер Еркебұлан Тоқтар балағат сөз айтқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Алматы прокуратурасының мәліметінше, прокуратура қызметкерлері әлеуметтік желілерден спортшының бейәдеп сөздер айтқан видеосын анықтаған.

Іс материалдарын Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қараған. Еркебұлан Тоқтар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша кінәлі деп танылды.

Сот оған 20 АЕК (86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салды.

Алматы прокуратурасы танымал болу жауапкершіліктен босатпайтынын атап өтті.

Еркебұлан Тоқтар – қазақстандық ММА файтері, актер әрі әлеуметтік желіде танымал блогер. Ол спорттағы жетістіктерімен және кинодағы рөлдерімен көпшілікке танылған.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.