Танымал әнші Мақпал Жүнісова Оралдағы концертінде пианиноның үстіндегі шаңды байқап, оны қолымен сүртіп тастады, деп хабарлайды kznews.kz.
Әнші сахнадағы күйсандықтың шаң басып тұрғанын көріп, оны жақтырмаған кейіп танытқан. Осы сәтті ақын Бауыржан Халиолла әзілге айналдырып, әншіге жылы лебізін білдірген.
«Бұл күйсандыққа сізден басқа ешкімді жақындатпаймыз. Сізді ұзақ күтіп, әбден шаң басып қалды. Көңілді де, күйсандықты да шаң басты. Соның шаңын өз қолыңызбен сүрткеніңізге рақмет», – деді ол.
Ақын сөзінің соңында бұл әзілі екенін айтып, пианиноның күн сайын тазаланатынын да атап өтті.
«Қалжың үшін айтып жатырмын, күн сайын тазаланады. Лактың түсі сондай», – деді Бауыржан Халиолла.