6,6 млрд юань: Қазақстан "панда-облигация" нарығында рекорд орнатты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Оңбаған”: Азамат Сатыбалдымен дөрекі әзілдескен актер сынға қалды (ВИДЕО)

“Оңбаған”: Азамат Сатыбалдымен дөрекі әзілдескен актер сынға қалды (ВИДЕО)
Фото: әлеуметтік желіден

Актер Әбілмансұр Серіковтің өнердегі ағасы Азамат Сатыбалдымен көшеде кездейсоқ кездесіп, әзілдескен видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланды, деп хабарлайды kznews.kz.

Азамат Сатыбалды актерді көшеде кездейсоқ жолықтырған. Осы сәтте Әбілмансұр Серіков темекі шегіп тұрған. Ол әріптесіне әзілдеп, «Премьераң құтты болсын, оңбаған!» деген.

Алайда актердің бұл сөзі желі қолданушыларының наразылығын туғызды. Кейбір оқырман үлкен кісіге бұлай сөйлеу әдепке жатпайтынын айтып, актерді сынға алды.

«Үлкендерді сыйлаудан қалған ба?», «Баланың көзінше темекі шеккені несі?», ««Оңбаған» деген не сөз?» – деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Видеодағы сөздердің әзіл ретінде айтылғаны байқалғанымен, көпшілік актердің сөйлеу мәнері мен қоғамдық орында темекі шегуіне назар аударды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.