Энергетика министрі оңстүстіктегі жарықтың өшуі туралы айтты
ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов елдің оңтүстік өңірлерінде электр қуатының үзілуіне байланысты жүргізілген тексерудің алғашқы қорытындысын жариялады, деп хабарлайды кznews.kz сайты.
«Оңтүстік өңірлердің тұтынушыларын электрмен жабдықтауын бұзуға әкеліп соққан «KEGOC» АҚ электр желілерінде технологиялық бұзушылықтың туындауының себептерні анықтау үшін ҚР Энергетика вице-министрінің басшылығымен 2022 жылғы 26 қаңтарда арнайы комиссия құрылды.
Комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «KEGOC» АҚ және Алматы энергетика және байланыс университетінің құзыретті өкілдері енгізілді», — деді министр.
Оның айтуынша, комиссия жұмысының нәтижелері бойынша технологиялық бұзушылықтың бірнеше себебі анықталған.
«Қуаты 500 кВ болатын бірінші шинаның дифференциалдық қорғауының шамадан жоғары жұмыс істеуіне байланысты Сырдария ЖЭС-інің жұмысы бұзылды және өзбек энергия жүйесінде 2105 МВт жиынтық генерацияны жоғалта отырып, 500 кВ іргелес желінің өшуіне әкеп соқты. Өзбек энергия жүйесінде пайда болған қуат тапшылығы «Қазақстанның Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» транзитіндегі қуаттың 2105 МВт шамасындағы артылуына алып келді. Соның салдарынан шамадан тыс жүктемеге байланысты динамикалық орнықтылық бұзылып, құрылғылардан ажыратылды», — деді ведомство басшысы.
Министрдің сөзіне қарағанда, комиссия жұмысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып отыр.
«Технологиялық ақау туындаған сәттегі, оқшаулау және жою кезіндегі персоналдың іс-әрекетіне, релелік қорғау және аварияға қарсы автоматика жұмысына баға берілді. Сондай-ақ, осындай технологиялық бұзушылықтарды болдырмау бойынша ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар әзірленді», — деді Болат Ақшолақов.