Илон Маск Жер бетінде болатын апат туралы хабарлады
Жер демографиялық күйреуге тап болды. Мұндай пікірді америкалық кәсіпкер, инженер және миллиардер Илон Маск айтты. Twitter-дегі Tesla фан-клубының хабарламасына жауап ретінде ол ғаламдық халықтың азаюы көптеген адамдар ойлағаннан гөрі үлкен мәселе екенін жазды.
Әңгіме дүниежүзілік туу коэффициентінің төмендеуі туралы болып отыр, ол биыл бір әйелге 2,4 бала болса, 1950 жылы бір әйелге 4,7 бала келді. Сонымен қатар, әлем халқы қартайып келеді. Осылайша, БҰҰ болжамдары бойынша 2050 жылға қарай әлемде 65-тен асқан 1,5 миллиард адам өмір сүреді.
Маск Марсқа көшу үшін адамзатқа көп жан саны қажет болатынын да атап өтті. Еске сала кетейік, Маск өзінің Space X компаниясы Марсқа адамдарды 2024 жылы жібереді деп жоспарлаған болатын, бірақ кейін жоба 2030 жылға дейін кейінге қалдырылды.
Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты