Тележүргізуші Динара Сәтжанның жолдасы, белгілі кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов Президент жарлығымен «Құрмет» орденіне ие болды. Марапатты Астана қаласының әкімі табыстаған, деп хабарлайды kznews.kz.
Кәсіпкер бұл марапатты үлкен абырой әрі жауапкершілік ретінде қабылдайтынын айтты. Оның сөзінше, алдағы уақытта да ел мен қоғам дамуына үлес қосуды жалғастыра бермек.
«Бұл – мен үшін зор мәртебе. Қазақстанның дамуына қолымнан келгенше қызмет етуге дайынмын», – деді ол.