Бурабайда пәтерден төрт әйелдің мәйіті табылды
Ақмола облысы, Бурабай кентіндегі тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінен төрт әйелдің денесі табылды.
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға 2020 жылдың 5 желтоқсанында болған деп хабарлады.
«Сағат 00: 00-де Бурабай кентінің тұрғынынан телефон арқылы Бурабай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне көп қабатты үйдің пәтерлерінің бірінде кісі өлтіргені туралы хабарлама келіп түсті. Тергеу-жедел тобы келген кезде осы пәтерден зорлық-зомбылық белгілері бар төрт әйелдің денелері табылды», — дейді полиция.
Полиция қызметкерлері ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған Бурабай кентінің 28 жастағы тұрғыны ұсталды деп хабарланды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.