Қайғылы оқиға 2025 жылдың қараша айының соңында болған. Жаңа туған сәбиден құтылуды көздеген ерлі-зайыптылар оны әдейі тамақ пен сусыз қалдырған, деп хабарлайды kznews.kz "Комсомольская правда"-ға сілтеме жасап.
Соның салдарынан нәрестенің әлсіз ағзасы қатты жүдеп, ақыры аштық пен әлсіреуден көз жұмған. Бұл әрекет 28 қарашадан 17 желтоқсанға дейін жалғасқан.
2 сәуір күні күдіктілер ұсталып, оларға кісі өлтіру бабы бойынша айып тағылды. Алайда ерлі-зайыптылар өз кінәсін мойындамаған. Олар қамауға алуға қарсылық білдіріп, үйқамаққа жіберуді сұраған.
Белгілі болғандай, күдіктілер бұған дейін де құқық қорғау органдарының назарына іліккен. Ер адам есірткіге байланысты қылмыс үшін сотталған, ал әйел бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Айыппұлдары өтелмеген, ал ер адамның заң алдынлағы жауапкершілігі әлі жойылмаған.
Әйел бұрын маникюр жасаған, қазіргі таңда жұмыссыз. Ал ер адам уақытша жұмыстармен күнелтіп жүрген. Екеуінің де бұрынғы қарым-қатынастарынан туған балалары бар екені айтылғанымен, олардың жағдайы туралы нақты ақпарат жоқ.
Сот шешімімен күдіктілер 2026 жылдың 1 маусымына дейін тергеу изоляторына қамалды. Ер адамға өмір бойына бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр, ал әйелге 8 жылдан 20 жылға дейін жаза тағайындалуы мүмкін.