«Қазгидромет» синоптиктері 5-7 сәуір аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында күн райы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
Астанада 5 сәуір күні құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, секундына 9-14 метрге дейін соғады, екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 13-15 градус жылы болады.
6 сәуірде жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты күн райы күтіледі. Жел солтүстік-батыстан 3–8 метр/секунд жылдамдықпен соғады. Түнде 0-2 градус, күндіз 15-17 градус жылы болады.
7 сәуірде де жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, секундына 5-10 метрге дейін жетеді. Түнде 3-5, күндіз 19-21 градус жылы болады.
Алматыда 5 сәуір күні күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел батыстан 3-8 метр/секунд, күндіз екпіні 15 метрге дейін күшейеді. Түнде 13-15, күндіз 22-24 градус жылы болады.
6 сәуірде құбылмалы бұлтты ауа райы сақталып, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 метр/секунд, екпіні 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 24-26 градусқа дейін көтеріледі.
7 сәуірде жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы болады. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 метр/секунд, екпіні 13 метрге дейін жетеді. Түнде 13-15, күндіз 25-27 градус жылы болады.
Шымкентте 5 сәуірде құбылмалы бұлтты ауа райы сақталып, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 метр/секунд, екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді. Түнде 10-12, күндіз 20-22 градус жылы болады.
6 сәуірде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 метр/секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 26-28 градусқа дейін көтеріледі.
7 сәуірде кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 8-13 метр/секунд, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде 11-13, күндіз 17-19 градус жылы болады.