Көршілер бірнеше рет ескерткен: Ақтауда екі жасар бала көз жұмды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Көршілер бірнеше рет ескерткен: Ақтауда екі жасар бала көз жұмды

Көршілер бірнеше рет ескерткен: Ақтауда екі жасар бала көз жұмды
Фото: видеокадрдан скрин алынды

Бүгін таңертең Ақтау қаласында қайғылы жағдай орын алды — екі жастағы сәби көз жұмды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл туралы ақтаулық блогер Азамат Сарсенбаев өзінің инстаграм әлеуметтік желісінде хабарлады.

Көршілері  бұл отбасы жайлы тиісті органдарға бірнеше рет шағым түсірген. Олар қорғаншылық органдарына, учаскелік полицияға, прокуратураға жүгініп, жас жұптың үнемі жанжал шығарып, алкогольдік ішімдік тұтынатынын бірнеше мәрте хабарлаған.

Анасы — 1994 жылы туған, екі баланың жалғыз асыраушысы. Ол мемлекеттен пәтер алған. Оның 2000 жылы туған бірге тұратын азаматы екеуі жиі ішімдік ішіп, подъезде жанжал шығаратын болған.

Көршілердің соңғы шағымы 2025 жылдың қараша айында тіркелген. Алайда бұл дабылдарға тиісті деңгейде назар аударылмаған.

Өкінішке қарай, бүгінгі қайғылы оқиға — сол ескерусіз қалған шағымдардың салдары.

Блогер Азамат Сарсенбаев осы орайда оқырмандарына заңды бір сұрақ қалдырды: "мұндай жағдайға жол бермеу үшін жауапты органдар қайда болды?"

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.