АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатысты қатаң мәлімдеме жасап, Ормуз бұғазын ашу немесе келісімге келу қажеттігін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.
Ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында Иранға бұған дейін қойылған талаптардың орындалу мерзімі аяқталуға жақын екенін еске салған.
«Естеріңізде ме, мен Иранға келісімге келу немесе Ормуз бұғазын ашу үшін он күн берген едім. Уақыт таусылып барады. 48 сағаттан кейін олардың үстіне тозақ орнайды», – деп жазды Дональд Трамп.
Аталған мәлімдеме АҚШ пен Иран арасындағы шиеленістің күшейіп отырғанын көрсетеді.