Белгілі кәсіпкер, журналист, жазушы Құрманғали Ашанұлы қайтыс болды

0
428

Қазақтың маңдайына біткен әйдік ұлдарының бірі, белгілі кәсіпкер, жазушы, журналист, Ұлт қайраткері Құрманғали Ашанұлы кеше науқастан қайтыс болды. Қайғылы хабарды қаламгердің ұрпақтары мен  туыстары айтты. Қазақ кәсіпкерлігін дамыту туралы «Қазақ кәсіпкерінің  әліппесі» атты  кітапты тұңғыш рет жазып, елінің ыстық ықыласына бөленген  үлкен жүректі азамат Алланың сыйлаған 65 жастық ғұмырын жасап, кеше пәниден бақиға аттанды.

АШАНОВ ҚҰРМАНҒАЛИ АШАНҰЛЫ (1956 жылы Қызылорда  облысы, Жалағаш ауданынын, «Еңбек» ауылында дүниеге  келген.  Ауыл мектебінің 7 — ші сыныбынан  кейін,  Алматы қаласындағы №178 Қазақ орта мектебін оқып бітіреді . Бірнеше жыл  Алматы қаласында түрлі салада жұмыс атқарады. 1982 жылы Алматы халықшаруашылығы интитутын бітіріп,  Республикалық қаржы, сауда министрліктерінде жауапты қызмет атқарды.  1991 жылдан бері  кәсіпкерлікпен тікелей айналысып келеді . 1993 жылы өткен Бұқарбай батырдың туғанына 180 жыл толуын атап өткен үлкен ас –тойда ұйымдастырылған ақындар айтысында белгіленген Нысанбай жырау атындағы бәйгенің демеушісі болды. Содан түрлі шараларға араласып , бабалар рухын тiрлiту жолында жемісті еңбек етуде . 1995 жылдан Құрманғали Ашанұлы ата — баба мен ел мен жер тарихын тереңірек зерттеуді қолға алып , сол ойға түйген ойларын зерттеулерін баспасөздерде жариялап,  оқырманға ой салатын пікірлер айтып жүр . Атап айтқанда 2000 жылы оның қаламынан «Мүсірәлі абыз» атты шағын кітапшасы жарық көрді.  Осы кітапты ұлы абызға Қазалыда ескерткіш ашылуы салтанатында тарту етті . Бұл кітапқа ҚР ҒА академигі , профессор Манаш Қозыбаев «Пірге құрмет — елге құрмет» атты алғысөзінде :«Қорыта келе Құрманғали Ашанұлының аталмыш еңбегі ішіндегі қызықты деректерімен оқырман ықыласына тілі жеңіл , жүрдек оқылатын бұл кітап жұртшылық сұранысын қанағаттандыра алатын публицистикалық туынды қатарына жатқызуға әбден болады»,– депті . Ол он жыл дан бері республикалық теледидардағы түрлі салиқалы хабарларға қатысып, көптеген құнды пікірлер мен ойларын ортаға салып келеді . Шағын бизнес хақында 30 түрлі өз тәжірбиесінде кездескен қағиданы бірнеше басылымдарда жариялап «Қазақ кәсіпкерінің әліппесі» атты кітап жазып , баспадан шығарды. Автордың осы кітапбы ел алқауына бөленіп, Елбасы кіапханасына да қойылды.   Бизнесте кәсіптік көзқарас орнатудың  қыры мен сыры екшелген осы кітабы оқырмандар сұранысымен үш қайтара басылды.  Жақынғы жылдары жарық көрген «Ұлттық мүдде – жеке кәсіпкер»  атты кітабы да оқырман жүрегінен орын алып, арысы  Қытай халық республикасындағы басылымдар да автор рұқсатымен газет-журналдарға жариялады. Оның көптеген зерттеу мақалалары ғылыми негізге алынып , тарихи кітаптарда сілтеме жасалынған . Алаш тарихы зерттеу орталығының «Қазақ ру тайпалары» атты көп томдық кітаптың 4 томы Керейт тайпасының өткені мен бүгініне арналған . Осы сериялық кітапқа Қ.Ашанұлының тарихи тұлғалар туралы жазған еңбектері енген. «Ел іші — береке , көп ісі — мереке» дегендей,  Құрманғали ел ішінде болып жататын жиындардың өтуіне өз көмегін аяған емес. «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», «Айқын» т.б. газеттердің тұрақты  жазарманы болған Құрман аталған басылымдардың таралым санының артуына да бір кісідей терін төкті. Елдің үлкен ағалары Манаш Қозыбаев,  Мұхтар Мағауин, Еркеғали Ақмадияров, Мұхтар Шаханов т.б белгілі кісілерге өмірде де  өнерде де ізетті іні болып, шығармашылықта және шынайы өмірде төңірегіндегілерге қамқор болп білді. Жомарт жүрек азамат талай игі бастаманың басы-қасында демеуші болды.  Оған мысал белгілі фольклоршы ғалым,  Мардан Байділдаевтың 80 жылдығының жақсы өткізілуіне өз үлесін қосты.

Кәсіпте және шығармашылықта  соңынан ерген жастарды жетелеп,көмек қолын созып, жол көрсетіп жүрді. Құрекеңнің  Жұмыс орны замандастары мен жастардың үнемі жиналатын тұрақты орталығы еді.  Қашан да дастарқаны жиылмаған көпшіл азамат өнер мен ғылымда жолдарын енді тауып келе жатқан жастардан Әділет Ахметұлы, Мұхтар, Руслан Ақмағамбетов, т.б. жігіттерді бір кісідей-ақ жетеледі.

Құрманғали Ашанұлы жеке авторлық сайт ашып,    өзінің озық ойларын, парасатты пайымдарын жиі жариялап,  көпшіліктің алғысына бөленді. Еліміздің әр жерінен  оқырмандар  экономика, бизнес, тарих, ел-жер шежіресі туралы сауалдармен  Құрманғалиды жиі мазалайтын.  Құрманғали Ашанұлы ғұырының соңында өскен өлкесі, туған жері, киелі Сыр өңірінің тарихи тұлғалары туралы көбірек қалам тартты. Солардың бірнешеуін айтар болса,  «Арғын болсаң Алтай бол, Керейт болсаң Жартай бол», «Ел қорғаны – Мәті би», «Атан мініп жауға шапқан Манақ батыр», «Әкелі-балалы Күздеубай мен Сүлеймен мүддәріс», т.б. шежірелі тұлғалар туралы жазды. «Бабалар рухы шат болса, бүгінгі біздің де өмір жолымыз ашық болады» деген сөзді аузынан тастамайтын ақ еділ  жүрек мезгілі жетіп тоқтады. Мүсірәлі баба сопы әзиз, Тайлақ батыр секілді тарихы ұзақ та күрделі тұлғалар туралы өз пікірін қорғап, ғылыми талас-тартыста өзінің көзқарасын дәледеп, тарихи түйткілдердің шешім табуына үлесін қосты. Елге оралған қандастарфмыздың талайын төріне шығарып, құшақ жая қарсы алды. Бүгінгі Қазақ елінде  Құрманғали Ашанұлының жақсылығын көргендер көп.

Марқұм, Құрманғали Ашанұлы жұбайы Сәулемен бірге үш қыз тәрбиелеп өсірді. Үшеуін де оқытып,  Қыздарын қияға қондырып, бәріне де беделді  қызметтердің тізгінін ұстатты. Бейнетті еңбегінің зейнетін енді ғана көре бастап, кең көсіліп қалам ұстап, ұлтына тіптен көбірек кітаптарын сыйлауды алға қойып жүргенде, бірнеше еңбектерін баспадан шығаруға үлгірмей Одүниеге аттанды.

Елдің аймаңдай асыл азаматы Құрманғали Ашанұлының жаны жанатта, топырағы торқа болсын!