Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімінде болған жағдай қоғамда пікірталас тудырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Даулы видео ісі: күдікке ілінген мобилографтың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады

Даулы видео ісі: күдікке ілінген мобилографтың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады
видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде "Хан" лақап атымен танымал асаба мен оның жұбайына қатысты жеке видеолардың таралуына байланысты жаңа мәлімдеме пайда болды. Бұл туралы Ozgeris.info хабарлады.

Аталған іске күдікке ілінген 16 жастағы мобилографтың анасы алғаш рет көпшілік алдына шығып, баласының кінәсіз екенін айтты. Оның сөзінше, жасөспірімге тағылған айып негізсіз.

"16 жастағы балам бұл видеоларды таратқан жоқ. Оның тағдыры не болады?" – деп алаңдаушылық білдірді ол.

Анасының айтуынша, ұлы жұмыс барысында жұмыс берушінің телефонынан жабық бейнематериалдарды ұрлауы мүмкін емес. Сонымен қатар ол баласының еңбекақысы толық төленбегенін де атап өтті.

"Балама көмек керек. Болашағы не болатынын білмеймін. Қайда барып, кімнен көмек сұрарымды білмей отырмын", – деді ол.

Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Қоғам белсенділері мен қолданушылар істің әділ қаралып, кәмелетке толмаған жасөспірімнің құқықтары толық қорғалуы тиіс екенін айтуда.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер