Жолы болмағандар! – Трамп АҚШ медиасын сынап тастады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Рахат Тұрлыханов тұрмыстық жанжал бойынша жазадан құтылып кетті

Рахат Тұрлыханов тұрмыстық жанжал бойынша жазадан құтылып кетті
Фото: ашық дереккөзден

Бірнеше рет әйеліне қол көтергені үшін полицияға жеткізілген экс-әнші Рахат Тұрлыханов бұл жолы да жазадан жалтарды. Оның жұбайы шағымынан бас тартқан, деп хабарлайды kznews.kz.

Полиция Тұрлыхановқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Сотқа дейінгі тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты зерттеліп, қажетті материалдар жиналып, процессуалдық әрекеттер жүргізілген.

Алайда арызданушы тарап шағымынан және ары қарай тергеуге қатысудан бас тартты. Осыған байланысты қылмыстық іс заңды негізде тоқтатылған.

Полиция отбасылық-тұрмыстық жанжалдарға қатысты әрбір жағдайда азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған тиісті шаралар қабылданатынын атап өтті.

Еске салайық, 15 наурыз күні БАҚ беттерінде қазақстандық әнші Рахат Тұрлыхановтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Алматы қалалық полиция департаменті әншінің жұбайын ұрды деген күдікпен полицияға жеткізілгенін хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, тексеру барысында әйел бастапқыда өзіне күш қолданылғанын айтқан. Алайда кейіннен соққыға жығу фактісін жоққа шығарып, отбасылық жанжал бойынша арыз жазған.

Қарау қорытындысы бойынша Рахат Тұрлыхановқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы 1-бөлігі (“Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер”) бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

16 наурызда сот Рахат Тұрлыхановтың ісін қарады. Нәтижесінде сот іс жүргізуді тоқтатып, жұбайының бастапқы арызын ескеріп, қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің бар-жоғын тексеру үшін істі прокуратура мен полиция департаментіне жолдауға қаулы шығарды.

Айта кетейік, бұл олардың отбасының алғашқы жанжалы емес. 2024 жылы әнші, мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың туысы Рахат Тұрлыханов әйелін соққыға жыққаны үшін тағы да сот алдында жауап беретіні туралы жазған едік. 

Рахат Тұрлыханов әйелін ұрып-соққаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық бойынша сотқа шақырылған. Алайда әйелі оны кешіргендіктен, әртіс жазадан құтылып кеткен.

9 қаңтарда Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Рахат Тұрлыхановқа қатысты істі қарағанын хабарлады. Сот алқасының қаулысымен Тұрлыхановқа қатысты жазалау шарасы оған ескерту беруден 10 тәулік әкімшілік қамауға алу жазасына өзгертілді.

10 қаңтар күні әйеліне қол көтерді деп айыпталған Рахат Тұрлыханов жұбайымен бірге бейнеүндеу жасаған еді. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.