«Асылып өліп қалайын ба?»: Ләйлә Сұлтанқызы қыз балаларға қатысты шектеудің тым көптігін айтты

0

Ләйлә Сұлтанқызы ұят және ұл мен қыз тәрбиесі туралы берген сұхбатында пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz сайты stan.kz порталына сілтеме жасап.

«Бізде шектеу көп. Суицид қай мемлекетте көп? Постсоветтік мемлекеттерде, Африка елдерінде. Оған бірнеше фактор әсер етеді. Біріншісі — шектеу. Екінші кезекте — ұят. Мыңдаған хаттар келеді. «Байым ұрды, бала көтере алмай жатырмын. Не істейін? Асылып өліп қалайын ба?» дейді қыздар.

Бұл туралы жазбасақ болмайды, жазсақ әңгімені көбейтеміз. Біреуге  «барып асыла өле сал» деген инструкция берген сияқтымыз. Бірақ әйел құқығы, қыздың еркіндігі, теңдігі жайлы еркін айтуға шектеу қойып тастағанбыз.

Кімге барарын білмейді содан кейін. Ұят болады деп басымыздан өтіп жатқан проблеманы айтуға ұяламыз. Кімге айтуға ұяламыз? Мамамызға, әкемізге. Анамызға айтсақ, әкеміз естіп қалып, мамамызға ұрсады деп ұяламыз. Досымыз күледі деп оған айтуға ұяламыз. Бізде «сол жақта құры, сол жерден сүйегің шықсын» дейді. Бұл ең жаман сөз. Бұлай айтуға болмайды қыз баласына», — деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Сонымен қатар ол ұлдарын қалай тәрбиелейтінін ашық айтты.

«Менің қызым жоқ. Екі ұлым бар. Біз қыздың дипломы болса, ол күшті жерге күйеуге тиеді деп қызға білімді де, ақшаны да құйдық. Біз ұлдарды ұмытып кеттік. «Базарда жүрсе де адам болады өздері» деп ұлға қарамадық. Балаларым қызға жаман сөз айтса, ренжітетін болса, жандарын шығарамын. Қазірден қызды қалай сыйлау керегін, мәселе қыздың алдына құлау емес, оның жеке пікірі барын білу, оны сыйлау екенін айтамын», — дейді ол.