Атырауда полицейлерге шабуыл: екі қызметкер жарақат алды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Пойыз жолаушысы жолсерікті вагоннан итеріп жіберді (ВИДЕО)

Пойыз жолаушысы жолсерікті вагоннан итеріп жіберді (ВИДЕО)
Видеодан алынған кадр

Челябинск – Санкт-Петербург бағыты бойынша қатынайтын пойызда төтенше жағдай орын алды. Перово станциясындағы аялдама кезінде жолаушылардың бірі жолсерікті вагоннан итеріп жіберген, деп хабарлайды kznews.kz 112-ге сілтеме жасап. 

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ер адамға вагоннан шығып, темекі шегуге рұқсат берілмеген. Осыған ашуланған ол пойыз жолсерігін итеріп, вагоннан құлатып жіберген. Оқиғадан кейін күдікті тамбурды жауып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Алайда ол көп ұзамай қолға түсіп, полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Зардап шеккен әйел ауыр жарақат алып, омыртқасы сынған. Ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер