Танымал

Димаш Құдайбергеннің суреті бар автобустар Барселона көшелерінде жүріп жатыр

Димаш Құдайбергеннің суреті бар автобустар Барселона көшелерінде жүріп жатыр
Фото: dimashnews.com

8 қарашада Барселонадағы Бадалона Олимпиада аренасында өтетін концерт қарсаңында қала көшелерінде Димаштың суреті мен концерт туралы ақпарат ілінген автобустар қатынап жүр.

Жарнама 6 қазан мен 9 қараша аралығында Барселонаның жолаушысы ең көп В24 және В25 бағыттарында көрсетіледі. Бұл бағыттардың бірі Олимпиада аренасының алдынан, екіншісі Magic сауда орталығының жанынан өтеді. Осылайша мыңдаған тұрғын мен турист қазақстандық әншінің бейнеленген афишаларын күн сайын көріп жүр.

«Бұл – нағыз фантастика! Еңбектің арқасында осындай жетістікке жеттік. Димаш енді Барселонаның көшелерінде “жүріп өтеді”. Бұл іске атсалысқан барлық жанкүйерге алғыс айтамыз», – деді испаниялық фан-клуб өкілдері.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz