Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы әкімінің экс-орынбасары Ержан Бабақұмаров төбелестен соң қаза тапты

Алматы әкімінің экс-орынбасары Ержан Бабақұмаров төбелестен соң қаза тапты

Астана қалалық Полиция департаментінің дерегінше, алдын ала мәлімет бойынша, марқұм мен күдікті бұрыннан таныс болған. 

Олардың арасында жанжал туындап, ол төбелеске ұласқан. Салдарынан 56 жастағы ер адам алған жарақаттарынан көз жұмған.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Ержан Бабақұмаров әр жылдары мемлекеттік қызметтің түрлі салаларында еңбек етті. Ол Орталық коммуникациялар қызметін басқарған, Премьер-Министр Кеңсесінде жұмыс істеген, Мемлекет басшысының кеңесшісі болған, кейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.