“Байдың балаларын қорғаштайды”: Депутат ішкі істер оргаодарына “тазарту” жүргізуді ұсынды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбеде жол апатынан екі мектеп директоры қаза тапты

Ақтөбеде жол апатынан екі мектеп директоры қаза тапты

Ойыл ауданының аумағында «Тойота Ленд Крузер Прадо» көлігін мінген мектеп директорлары жол апатына ұшырады.

Оқиға кеше кешке болған. Ақтөбедегі 4 мектептің басшысы Ойыл ауданына барған. Қайтар жолда, яғни Қобда-Ойыл тас жолының бойында жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік сол жаққа қарай аударылады. Көлікті № 33 мектептің директоры Альмира Орақова жүргізген. Қатты соққыдан жүргізуші мен №20 мектептің директоры Бағдат Орынбаева сол жерде қайтыс болды. Ал қалған екі мектептің директорлары ауыр жарақатпен Ойыл аудандық ауруханасына жеткізілді.

"Хабар түскен бойда екі бригада оқиға орнына жетті. Өкінішке қарай, дәрігерлер барғанда екі адам сол жерде жан тапсырған. Ал жарақат алған екі адам ауруханаға жеткізілді. Қазір бірінің жағдайы ауыр. Екіншісі де бас ми жарақатын алған, бұғанасы сынған. Жағдайлары тұрақталғанша аудандық ауруханада болады", — деді медициналық мекеменің басдәрігері Сәндібек Нұрбаев.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліпжатыр.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары