Түркиялық танымал актриса Ханде Эрчел есірткі қолданды деген күдікпен іздеуде болып, Ыстамбұл әуежайында ұсталды, деп хабарлайды kznews.kz.
2026 жылғы 27 наурызда Cumhuriyet басылымының жазуынша, «Sen Çal Kapımı» сериалының жұлдызы медициналық сараптама басқармасына жеткізіліп, есірткіге тест тапсыруға жіберілген.
Мәліметке сәйкес, актриса жұма күні Ыстамбұлға оралған сәтінде әуежайда ұсталып, кейін сотта түсініктеме берген.
Ал Sözcü газетінің хабарлауынша, осы іске байланысты ұсталған кәсіпкер Хакан Сабанджи өз мәлімдемесінде өзі де, Ханде Эрчел де ешқашан есірткі қолданбағанын айтқан.