Қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар Армения астанасы Ереванда өткен Hype FC 28 турнирінде қырғызстандық қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды kznews.kz.
Жеңіл салмақта өткен жекпе-жекте ол Марсель Нұрланбекұлымен қолғаптағы бокс ережесі бойынша кездесті. Қарсыластар тартысты айқас көрсеткенімен, төрешілер бірауыздан жеңісті қырғыз спортшысына берді.
Қазіргі таңда Еркебұлан Тоқтардың аралас жекпе-жектегі кәсіби көрсеткіші – 11 жеңіс және 3 жеңіліс. Оның соңғы ММА жекпе-жегі өткен жылдың тамызында өтіп, сол кездесуде ирандық Фарзад Гадериді екінші раундта нокаутпен жеңген еді.
Ал Марсель Нұрланбекұлы әзірге жеңіліс көрмеген файтерлердің қатарында. Оның рекорды – 14 жеңіс, 0 жеңіліс. Ол соңғы кездесуін 2024 жылдың тамызында өткізіп, өзбекстандық Фарход Эргишбаевты нокаутпен жеңген.
Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар бұған дейінгі жекпе-жегін 28 желтоқсанда Ташкентте өткізіп, жергілікті спортшы Тимур Никулинді бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын.