77 млн теңге: "Атырау" футбол клубы сатылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Мөлдір Мұқанованың отырысы жұрттың ашуын туғызды

Мөлдір Мұқанованың отырысы жұрттың ашуын туғызды
Видеодан алынған кадр

Гүлзира Айдарбекованың шаңырағында қонақта болған блогер Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Бұл туралы желі қолданушылары белсенді түрде пікір білдіруде, деп хабарлайды kznews.kz.

Желіде тараған видеода Мөлдір Мұқанованың дастархан басында аяғын көтеріп, тізесін үстелден жоғары шығарып отырғаны байқалады. Осы сәт көпшіліктің назарын аударып, түрлі реакция тудырды.

Көптеген қолданушылар бұл әрекетті қазақы дастархан әдебіне сай емес деп бағалап, сын пікірлерін жаудырды. Пікірлер арасында:

“Ұяттан жұрдай”

“Отырудың да тәртібі бар”

“Дастарханның да киесі бар”

деген секілді көзқарастар жиі кездесті. Олардың айтуынша, дастархан басындағы тәртіп — ұлттық мәдениеттің маңызды бөлігі, сондықтан мұндай әрекеттерге мән беру қажет.

Сонымен қатар, кейбір желі қолданушылары жағдайға сабырмен қарап, оны тым ушықтырмауға шақырды. Олар мұны жай ғана еркін отырыс ретінде қабылдап, әр адамның өзіне тән әдеті бар екенін алға тартты.

Қалай болғанда да, бұл жағдай қоғамда дастархан әдебі мен үлкеннің үйіндегі тәртіп туралы мәселені қайта көтерді. Көпшілік үшін дастархан басындағы мәдениет әлі де маңызды құндылықтардың бірі болып қала бермек.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер