“Байдың балаларын қорғаштайды”: Депутат ішкі істер оргаодарына “тазарту” жүргізуді ұсынды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Жұбайымды шәкіртіме әйелдікке бердім” деген тұрғын жауапкершілікке тартылды

“Жұбайымды шәкіртіме әйелдікке бердім” деген тұрғын жауапкершілікке тартылды
Фото: видеодан скриншот

Алматы тұрғыны ашық сұхбат барысында өзін имам ретінде таныстырып, қоғамда резонанс тудырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Алматы қалалық Дін істері басқармасы интернетте еркін тараған сұхбаттағы мәліметтерді тексерген. Аталған бейнежазбада ер адам өзін ресми діни қызметкер ретінде көрсетіп, тіпті әйелдерінің бірін шәкіртіне бергенін айтқан. Сонымен қатар, ол қоғамның санасына және конфессияаралық келісімге кері әсер етуі мүмкін пікірлерді де қозғаған.

Тексеру нәтижесінде бұл азаматтың ресми діни қызметкерлер қатарына жатпайтыны анықталды.

Өз кезегінде Алматы қалалық полиция департаменті мәлімдегендей, айтылған пікірлер үшін ең алдымен оның авторы жауапты болғанымен, құқық бұзушылық белгілері бар материалдарды тарату да заң аясында қарастырылады.

Нәтижесінде ер адам діни қызмет саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды. Сондай-ақ жарияланым авторы да Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы бойынша жауапқа тартылды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.