“Байдың балаларын қорғаштайды”: Депутат ішкі істер оргаодарына “тазарту” жүргізуді ұсынды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Кіммен, қайда жүрсең де…”: Мақпал Жүнісованың Қабатовқа айтқан тілегі елді күлкіге қарық қылды

“Кіммен, қайда жүрсең де…”: Мақпал Жүнісованың Қабатовқа айтқан тілегі елді күлкіге қарық қылды
Фото: әлеуметтік желіден

Танымал әнші Мақпал Жүнісова көпшілік қатысқан тойлардың бірінде ерекше әзіл айтып, жиналған қауымды күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Кеш барысында ол белгілі әзілкеш әрі асаба Тұрсынбек Қабатовқа қалжың аралас сөз арнап, оны сәл тосылтып қойды. Әншінің тапқыр әзілдері мен астарлы сөздері залдағы қонақтардың көңілін көтеріп, ерекше атмосфера сыйлады.

«Тұрсынбекжан, біз сені қатты жақсы көреміз. Бақытты бол! Кіммен жүрсең де, қайда жүрсең де. Біріншімен болсын, екіншімен болсын, үшінші, төртіншімен жүрсең де – бәрібір бақытты бол», – деп әзілдеді әнші.

Осы сәтте асабалық етіп жүрген Тұрсынбек Қабатовтың сәл қысылып қалғаны байқалды. Дегенмен ол да әзілді жылы қабылдап, кештің көңілді өтуіне өз үлесін қосты.

Желіде тараған бейнежазба көпшіліктің қызығушылығын тудырып, қолданушылар арасында қызу талқыланып жатыр. Көптеген көрермен әншінің әзілін жоғары бағалап, қазақы тойлардың ажарын ашатын осындай сәттер жиі болса екен деген пікірлерін білдіруде.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.