Әнші Төреғали Төреәлінің әкесі ұзатылған қызына ән арнап, жылатып қойды (видео)
Кеше әнші Төреғали Төреәлінің кенже қарындасы ұзатылды. Ұзатылу тойында ән айтқан әншінің әкесі қызын жылатып қойды, деп жазады Kznews.kz тілшісі.
Ұзату тойының видеосын Дина Төреәлі өзінің Instagram парақшасында жариялады. Ал Төреғали қарындасына арнау айтып, той соңында қоштасу тілегін жектізді. «Сүрінбе, қызым, Жылама, қызым, Тапсырдым сені, Құдама, қызым», — Төреғалидың әкесі кенже қызы Динаның ұзатылуына осы әнді арнайы жаздырған. Әншінің әкесінің қызымен қоштасу әні тойға келген меймандардың жанарын жасқа толтырған.
Естеріңізге сала кетейік, Дина Төреәлі осыдан бірнеше күн бұрын күйеу жігітімен мұсылманша неке қидырған болатын. Артынша бойжеткен құда түсіп, сырға салынды. Әншінің отбасы бойжеткеннің құдалығын дүркіретіп өткізіп, болашақ құдаларға шетелден әкелінген киіт кигізді. Ал кеше Төреғалидің отбасы Динаның ұзату тойын жасады.