Әнші Әміре ресейлік «Голос» жобасында өнер көрсетіп, төрт тәлімгерді де өзіне қаратты (ВИДЕО)

0

“Әміре” лақап атымен танылған қазақстандық әнші Ернар Садырбаев ресейлік «Голос» жобасына қатысып, келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды kznews.kz ақпарат агенттігі.

Әміре көрмей тыңдау кезеңінде Стиви Уандердің «Part-Time Lover» әнін шырқады. Оның өнеріне төрт бірдей төреші де бұрылды.

Айта кетейік, қазылар алқасының қатарында Дима Билан, Александр Градский, Пелагея және Леонид Агутин бар. Олар Әміренің өнерін жоғары бағалап, өздерінің топтарына шақырды.

Өз кезегінде қазақстандық әнші Дима Биланмен жұмыс істегісі келетінін жеткізіп, қалған төрешілерге бұрылғаны үшін алғысын білдірді.

Бұған дейін қазақ эстрадасының көрнекті өкілі Әділхан Макин де ресейлік «Голос» байқауында келесі кезеңге өткен болатын. Ол Александр Градскийдің тобына қосылды.