Бұқара мен банктер: несие портфелі 40,2 трлн теңгеге жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Гүлнұр Оразымбетова ұлдарын көрсетіп, келін іздеп жүргенін айтты

Гүлнұр Оразымбетова ұлдарын көрсетіп, келін іздеп жүргенін айтты
Фото: instagram.com/gulnurorazymbetova

Танымал әнші Гүлнұр Оразымбетова әлеуметтік желідегі парақшасында екі ұлымен түскен суретін жариялап, көпшіліктің қызығушылығын оятты, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі жазбасында әзіл-шыны аралас «Осы екі жігіттің мамасымын. Келіндер қайда жүр екен?» деп, келін іздеп жүргенін меңзеген.

Желі қолданушылары әншінің ұлдарының сымбатына тәнті болып, түрлі пікір қалдырды. Көпшілік олардың келбетіне сүйсініп, жылы әрі әзілге толы лебіздерін білдірген.

Пікірлер арасында «Шынымен мамасысыз ба, әпкесі емессіз бе?», «Әдемі келіндер бұйырсын», «Красавчик жігіттер екен», «Болашақ келіндеріңіз әлі мектепте жүрген шығар» сынды әзілдер де болған.

Жазба қысқа уақыт ішінде желіде кең тарап, қызу талқыланды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.