Оқушыларға мектеп бітіру кешін мейрамханада тойлауға тыйым салынады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Интерпол арқылы іздеуде жүрген блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды

Интерпол арқылы іздеуде жүрген блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды
Фото: Instagram/@qais_arr

Бұған дейін заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру ісі бойынша халықаралық іздеуге жарияланған блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл туралы Қазақстан Ішкі істер министрлігі мәлім етті.

Ведомствоның хабарлауынша, ұстау операциясы Интерпол арналары арқылы Қазақстан мен Вьетнам құқық қорғау органдарының бірлескен әрекеті нәтижесінде жүргізілген. Блогер Камрань қаласында қолға түскен.

«Қазақстан Ішкі істер министрлігі Интерпол арналары арқылы Вьетнам Социалистік Республикасының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл нәтижесінде Камрань қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген блогер К. ұсталды», – деп хабарлады министрлік.

Тергеу нұсқасы бойынша, блогер әлеуметтік желілердегі парақшаларын онлайн-казиноны жүйелі түрде жарнамалау үшін пайдаланған. ІІМ мәліметінше, ол тек жарнама орналастырып қана қоймай, аудиторияны құмар ойындарға қатысуға тартқан.

«Ол әлеуметтік желілерде онлайн-казиноның жарнамалық бейнематериалдарын тұрақты түрде жариялап, пайдаланушыларды құмар ойындарға қатысуға тартқан», – деп атап өтті ведомство.

ІІМ-нің алдын ала деректеріне сәйкес, күдікті заңсыз қызметі арқылы 100 миллион теңгеден астам табыс тапқан.

«Күдікті заңға қайшы әрекеттерінің нәтижесінде 100 миллион теңгеден астам көлемде заңсыз табыс алған. Ақша қаражаттары оның атына тіркелген криптовалюта әмиянына аударылып отырған», – деп хабарлады министрлік.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматты Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін қаңтар айында құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында Қайсар Қамзаға қатысты іздеу жарияланғаны туралы ақпарат шыққан. Іздеуді Қаржылық мониторинг агенттігі бастаған. Ал жедел-іздестіру шараларын Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізген. Ресми мәліметке сәйкес, іздеу ісі 2026 жылғы 10 қаңтарда тіркелген.

Кейін блогердің заңсыз ойын қызметіне жәрдемдесті деген күдікке ілінгені белгілі болды. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Қайсар Қамза шамамен бес жыл бойы Instagram әлеуметтік желісінде qais_arr атауымен белсенді блогерлік қызмет жүргізген, онда оның 2,4 миллионға жуық жазылушысы болған. Сонымен қатар ол «Қора энтертейнмэнт» атты жабық Telegram-арнаны басқарған, оның аудиториясы шамамен 368 мың адамды құраған.

«Қ.Б. Қамза жеке әлеуметтік желідегі аккаунттарын пайдалана отырып, Қазақстан азаматтарына арналған Pinco сайтында құмар ойындарға тіркелуге және қатысуға шақыратын тікелей сілтемелер, графикалық элементтер мен үндеулер қамтылған бейнематериалдар мен жарияланымдарды жүйелі түрде орналастырып отырған. Сонымен қатар бейнероликтердің астында пайдаланушыларға бонус беретін жеке промокоды көрсетілген», – деп мәлімдеді агенттік.

Қайсар Қамза – қазақстандық инфлюенсер. Оның Instagram парақшасына шамамен 2,4 миллион адам жазылған. Ол провокациялық контенті, сән-салтанатты өмір салтын көрсетуі және шетелде түсірілген бейнероликтері арқылы танымал болған.

Бұған дейін блогер мемлекеттік органдардың назарына бірнеше рет іліккен. Ол жарнама туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған, соның ішінде заңсыз ұтыс ойындарын өткізу және онлайн-казиноны жарнамалау фактілері бойынша. Бір жағдайда оған 1,17 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған. Соған қарамастан, реттеуші органдардың бағалауынша, оның аккаунтының мазмұны мен бағыты айтарлықтай өзгермеген.

Қоғамда резонанс тудырған тағы бір жайт – блогердің Үндістанға сапары кезінде түсірілген бейнежазбасы. Онда ол бейәдеп сөздер қолданып, жергілікті тұрғындарға қатысты агрессивті мінез көрсеткен. Кейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Үндістан тарапынан ресми шағым түспегенін хабарлағанымен, шетелде мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік бар екенін еске салған.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.