Парашюті ашылмай қалып көз жұмған 18 жасар сарбаздың өліміне кінәлілер сотталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Букмекерлік кеңседе қомақты соманы ұтылып қалған жігіт жүрегіне пышақ сұққан (ВИДЕО)

Букмекерлік кеңседе қомақты соманы ұтылып қалған жігіт жүрегіне пышақ сұққан (ВИДЕО)
Фото: depositphotos.com

Мәскеуде букмекерлік кеңседе жас жігіт өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды kznews.kz 112 telegram-арнасына сілтеме жасап.

25 жастағы Александр (аты өзгертілген) ставкаларға ақша тігіп, шамамен 200–300 мың рубль жоғалтқан. Осыдан кейін қатты күйзеліске түскен ол букмекерлік кеңсенің дәретханасына кіріп, ішінен құлыптап алған және өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасаған. Ол мойны мен кеуде тұсына бірнеше рет пышақ жарақатын салған.

Ұзақ уақыт бойы одан хабар болмаған соң, қызметкерлер есікті бұзып кірген. Ішке кірген кезде олар қансырап жатқан жігітті көрген. Дәрігерлер жеткенше, келушілер мен қызметкерлер оған алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Жігіт шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер