Парашюті ашылмай қалып көз жұмған 18 жасар сарбаздың өліміне кінәлілер сотталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“3 бала қаза тапты”: құтқарушыларға кедергі келтірген көлік иесі жазаланды

“3 бала қаза тапты”: құтқарушыларға кедергі келтірген көлік иесі жазаланды
Фото: ИА «NewTimes.kz»

Астанада тұрғын үй кешендерінің бірінде болған өрт оқиғасына байланысты ереже бұзып қойылған көлік иесіне қатысты шара қолданылды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Ведомствоның хабарлауынша, оқиға кезінде өрт сөндірушілердің жұмысына кедергі келтірген көлік жедел түрде эвакуацияланған. Кейін жүргізушінің жеке басы анықталып, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Полиция өкілдері мұндай құқықбұзушылықтар азаматтардың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретінін және жедел қызметтердің жұмысына айтарлықтай кедергі келтіретінін атап өтті. Сондықтан мұндай әрекеттер қатаң түрде тоқтатылатыны ескертілді.

Еске салайық, 12 сәуірге қараған түні Есіл ауданындағы Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатында өрт шығып, үш кәмелетке толмаған бала қаза тапқан болатын. Құтқарушылар пәтерден күйік шалған әйелді аман алып қалып, ол ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілген.

Сондай-ақ «Көркем-3» тұрғын үй кешенінің тұрғындары сол күні балалардың түтінге уланып қайтыс болғанын айтқан.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.