Әнші Кәмшат Жолдыбаева соңғы уақытта сахнадан неге сирек көрінетінін ашық түсіндірді. Оның айтуынша, өнерден уақытша алыстауына отбасылық өмір мен ана атануы әсер еткен, деп хабарлайды kznews.kz.
Жақында сәби сүйген әнші қазір бар уақытын отбасына арнап жүргенін айтты. Сонымен қатар, ол психология саласына қызығушылық танытып, осы бағытқа да ден қоя бастағанын жеткізді.
Кәмшат Жолдыбаева бұл туралы «Ревю» бағдарламасында айтып, көпшілік арасында өзі жайлы әртүрлі пікір қалыптасқанын да жасырмады.
«Көбі мені қате түсінеді. “Күйеуі қатал, сахнаға шығармай жүр” деп ойлайды. Негізі, мен келін болар уақытта психологияға бет бұра бастадым. Қазір мен біреудің әйелімін, анасымын, келінімін», – деді әнші.
Ұзақ уақыттан кейін көпшілік алдына шыққан өнер иесінің сырт келбетін желі қолданушылары да бірден байқаған. Әлеуметтік желіде тыңдармандар оның бұрынғыдан да ажарлана түскенін жазып, жылы пікірлерін қалдырған.
Дегенмен, желіде түрлі пікірлер де айтылды. Бірі әншінің өзгергенін атап өтсе, енді бірі оның сөз саптауына қатысты көзқарасын білдірген.
Желі қолданушыларының пікірлері арасында:
«Танымай қалдым, бұрынғыдан сұлу болып кетіпсің»,
«Кәмшат қызымыз тұрмысқа шығып, ана болғалы ажарланып кетіпті»,
«Қатты өзгеріп кетіпті» деген жылы лебіздермен қатар, сын пікірлер де кездесті.
Қазір әншінің негізгі назары отбасы мен жеке дамуға ауып отыр.