Алматылықтар әкім Ерболат Досаевтың қызметінен кетуін талап етіп, петиция жариялады
Алматы тұрғындары әкім Ерболат Досаевтың қызметінен кетуін талап етіп, петиция жариялады. Басты себеп — Досаев әкім болғалы мәселелер арта түсіпті.
«Құрылысқа тыйым салынған жерлерде бітпейтін құрылыстар, бүкіл қала бойынша бордюрлар өзгертіле береді және жөндеуді қажет етпейтін жолдарды жөндейді. Сонымен қатар қала тұрғындары оның брифингте тұрғындармен сөйлесуін ұнатпайды», – делінген петиция мәтінінде.
Тұрғындар әкімнің тағы бір шешіміне наразылық білдіріпті.
«Жақында Сейфуллин көшесіндегі көпірдің сапалы тас қабырғалары алынып тасталды және қытайлық плиткаларына ауыстырылды. Мұның бәрі бюджеттен мүмкіндігінше көп ақша алу үшін жасалатын тәрізді. Осы петицияға қол қойған азаматтардың атынан Қазақстан Республикасының президентінен Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты отставкаға жіберуді сұраймыз», – делінген құжатта.
Петиция 6 шілдеде жарияланған. Қазіргі уақытта оған 90 адам қол қойыпты.
Фото: kapital.kz